Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» 351 млн теңгеге артықшылықты акцияларды сатып алды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» 351 млн теңгеге артықшылықты акцияларды сатып алды

Алматы. 24 желтоқсан. 7kun.kz – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» (ҚМГ БӨ) 351,6 млн теңгеге артықшылықты акцияларды сатып алды, - деп хабарлайды ҚМГ БӨ баспасөз қызметі.

2018 жылғы 4-20 желтоқсан аралығында сауда-саттық қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында 27,4 мың бағалы қағаз сатылды.

Бұл ретте бір акцияның орташа бағасы 12,8 мың теңгені құрады.

Жалпы сатып алу сомасы 351,6 млн теңгені құрады.

Бұған дейін компания 1,9 млн акцияға артықшылықты акцияларды сатып алу туралы хабарлады. 12 қарашада ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің шешімімен сатып алу мерзімі 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартылды.

«Бағдарлама іске қосылғаннан бері компания 14,38 млрд теңгеден астам сомаға 1,12 млн артықшылықты акцияларды сатып алды», - делінген хабрламада.

Похожие материалы