«ҚазМұнайГаз» ENI компаниясымен Абай учаскесін барлауға келісімшартқа отырды
Алматы. 29 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда «Абай» учаскесін барлау және игеру туралы келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды ҚазМұнайГаз (ҚМГ).
Ақпаратқа сәйкес, құжатқа ҚМГ, Энергетика министрлігі және Eni S.p.A арасында 2019 жылдың 26 шілдесінде қол қойылды.
«Қол қойылған келісімшартқа сәйкес, Каспий теңізінің қазақстандық секторының «Абай» теңіз учаскесінде бір барлау ұңғымасын бұрғылау және 3D сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу негізгі міндеттемелер болып табылады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың шілде айының басында тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылды, оның аясында тараптар Қазақстанның пайдасына қол қойылатын бонусты төлеу және жер қойнауын пайдаланушының жергілікті қамту үлесі бойынша міндеттемелері туралы келісімге қол жеткізді. Атап айтқанда, құжатқа сәйкес, жұмысқа 14 млрд теңгеден астам қаржы бағытталады.
«Абай» учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторы акваториясының солтүстік бөлігінде орналасқан. Жағалауға дейінгі қашықтық – 65 км, су тереңдігі – 8-10 м.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024