Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында (ҚМГ) алдағы IPO-ға қатысты жағдайды түсіндірді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚазМұнайГаз» IPO-ға шығу мүмкіндігін қоса алғанда, Компанияның өсуі мен дамуын қолдау үшін іс-қимылдарды зерттеуді жалғастырып жатқандығын растайды. Алайда мұндай мәмілені өткізу туралы, оның ішінде ықтимал құрылым, мерзімдерді белгілеу және консультанттарды тарту туралы нақты шешім әлі қабылданған жоқ», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, компанияда ҚМГ реттеуші талаптарға сәйкес тәртіп бойынша қабылданған шешімдер туралы нарықты хабардар ететінін атап өтті.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017-2018 жылдары «ҚазМұнайгаз» Барлау Өндіру» еншілес компаниясының жай және артықшылықты акциялары сатып алынды. Сондай-ақ ҚМГ IPO-сын өткізуге мүмкіндік беретін еурооблигациялардың шарттарын өзгертті. Бұдан басқа бірқатар ірі күрделі жобаларды, оның ішінде мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды, газ тасымалдау қуаттарын салуды, орта мерзімді перспективада едәуір пайда табуға мүмкіндік беретін көптеген ішкі маңызды бизнес-процестер мен жүйелерді трансформациялауды аяқтады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024