Астана. 10 қазан. 7kun.kz – «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы ресейлік «СИБУР» және «Лукойл» компаниялары халықаралық санкцияларға ұшыраса, олармен жұмыс істеуден бас тартады. Бұл туралы компанияның Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«ҚазМұнайГаз ресейлік SIBUR және «Лукойл» компанияларымен бірлескен жобаларды жоспарлап отыр. Бірақ егер бұл компаниялар халықаралық санкцияларға ұшыраса, ынтымақтастықтан бас тартылады. Қол қойылған келісімдерде тиісті баптар бар», – деді Қарабаев.
Белігіл болғандай, «СИБУР», «Самұрық-Қазына» АҚ және ҚМГ 2021 жылдың қазанында Қазақстандағы мұнай-газ-химия жобаларындағы ынтымақтастықтың базалық шарттары бойынша келісімдерге қол қойды. Бұл қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт, сондай-ақ қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіру туралы келісім. «СИБУРдың» екі бірлескен кәсіпорындағы қатысу үлесі 40%-ды құрайды.
Алайда Ресейге қарсы санкцияларға байланысты қазір «СИБУР Холдинг-тің» осы жобалармен айналысуы туралы құжаттамаға қатаң санкциялар енгізілуде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024