
Астана. 14 қараша. 7kun.kz – Серік Саудабаев "Энергоинформ" АҚ-ның басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі хабарлады.
«Энергоинформ» АҚ басқарма төрағасы болып бұған дейін «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған Саудабаев Серік Болатұлы тағайындалды», – делінген хабарламада.
«Энергоинформ» - «KEGOC» АҚ-ның еншілес ұйымы. Қазақстанның ұлттық энергетикалық жүйесіне қатысушылардың ақпараттық-телекоммуникациялық кешендерінің жұмысын және дамуын қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, Серік Саудабаев 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың қазанына дейін «Қазпошта» басшысы қызметін атқарған еді.
Қазан айының басынан бастап «Қазпоштаны» бұрынғы Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова басқарып келеді.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025