Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2) тармақшасында көзделген үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде "Қазтелерадио" АҚ-ға қатысты тергеу жүргізді. Комитет Қазтелерадиоға 11,6 млн теңгеге айыппұл салды. Бұл туралы ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің хабарлауынша, "Қазтелерадио" АҚ әрекеттерінде телекоммуникациялық жабдықтарды сақтау жөніндегі қызметтерге нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келiсiмдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолданудан көрінген ҚР-ның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактісі анықталған.
Сонымен қатар, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қоғамдық ұйымды құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 11 618 205,36 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды.
Сондай-ақ, Қазтелерадио атына ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және олардың салдарларын жою туралы ұйғарым шығарылды.