Қостанай. 4 қазан. 7kun.kz – Жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды деп айыпталған ҚазТемірТранс Қостанай филиалының басшысы сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.
«2022 жылғы 3 қазанда Қостанай қаласының №2 сотымен «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры Б. Усабеков пен «Вадиса М» ЖШС директоры С. Таировқа қатысты айыптау үкімі шығарылды», – делінген хабарламада.
Сот үкімімен Усабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, ал Таировқа пара беру фактісі бойынша параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл (24 млн теңге) тағайындалды.
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024