Алматы. 24 желтоқсан. 7kun.kz – «ҚазТрансГаз» АҚ 500 млн АҚШ доллары сомасында алынған банктік қарызды мерзімінен бұрын өтеп, несие мерзімін 2 жылға қысқартты, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес ұйымы «Азиялық Газ құбыры» ЖШС «Қазақстан-Қытай» магистральдік газ құбырын салу үшін 2008 және 2012 жылдары Қытай Ұлттық мұнай-газ корпорациясының 100%-дық корпоративтік кепілімен жалпы сомасы 10,2 млрд АҚШ долларына синдикатталған банктік қарыз алған болатын.
Бүгінгі таңда екі қарыз бойынша берешек сомасы 5,2 млрд долларды құрайды. Осы кезең ішінде «ҚазТрансГаз» АҚ борыштық жүктемені төмендетуге бағытталған бірқатар мәмілелерді табысты жүргізді, оның нәтижесінде осы қарыздар бойынша борыштық міндеттемені 5 млрд долларға азайтты, оның ішінде мерзімінен бұрын – 1 млрд 450 млн доллары өтелді.
2018 жылы 20 желтоқсанда «ҚазТрансГаз» АҚ қосымша 800 млн долларын өтеді, оның 500 млн доллары мерзімінен бұрын. Мерзімінен бұрын өтеу қарыздар бойынша 600 млн астам АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік берді, ал қарыз қайтару мерзімі 2 жылға қысқарды.
«Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбыры іске қосылғалы бері 250 млрд текше метрден астам ортаазиялық газ тасымалданды және 11 млрд доллардан астам қаражат түсті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024