Алматы. 18 қазан. 7kun.kz – «ҚазТрансГаз» грузиндік активтерді 40 миллион долларға сатты, - деп хабарлайды ҚТГ баспасөз қызметі.
2018 жылдың 13 қыркүйегінде трансферттік келісімге қол қойылды. Ақпаратқа сәйкес, «ҚазТрансГаз-Тбилиси» иесі Грузияда тіркелген Caucasus Business Solution (CBS) тобына кіретін Waltbay Ltd компаниясы болды.
Бұған дейін, ҚТГ борыштарды өзара өтеу туралы келісімге қол қойылғанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар, қазақстандық тараптың сату процесінің техникалық бөлігін жеңілдету мақсатында оффшорлық компания арқылы үлесті сатып алу жүзеге асырылды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024