Алматы. 25 маусым. 7kun.kz — "ҚазТрансОйл" акциялары Қазақстан қор биржасында (KASE) арзандады. 24 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша компанияның баға белгіленімі 4,8%-ға төмендеді. Бір акцияның құны 1096,40 теңгені құрады.
Сондай-ақ, "Қазақтелекомның" қағазы 6%-ға 23,5 мың теңгеге дейін арзандады.
Бұдан басқа, KAZ Minerals акциялары 1,4%–ға 2 940 теңгеге дейін, ЦентрКредит Банкі - 0,2%-ға 240 теңгеге дейін төмендеді.
Сонымен қатар, сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE-де KEGOC қағаздары 1%-ға 1637 теңгеге дейін өсті. Халық банкінің баға белгіленімі 0,7%-ға, ал Kcell - 0,4%-ға артты. Осы эмитенттер акцияларының құны тиісінше 108 теңгеге және 1990 теңгеге жетті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024