Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz — 2018 жылғы «ҚазТрансОйл» компаниясының дивидендтерін төлеу бір акцияға 104 теңгені құрауы мүмкін, деп хабарлады KASE.
Қазақстандық қор биржасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, компания 2018 жылдағы барлық таза пайдасын (38,5 млрд теңге) жұмсай алады. Сондай-ақ, компания акционерлерге өткен жылдардың бөлінбеген пайдасынан қосымша 11,5 млрд теңге беруді ұсынды.
Осылайша, жалпы акционерлерге 40 млрд теңгеге төленеді.
Бұған дейін, ҚТО компаниясының дивидендтері бойынша төлемдер, талдаушылардың болжамы бойынша, бір акцияға 120 теңгені құрауы мүмкіндігі хабарланған еді.
Айта кетейік, сыйақы мөлшері туралы шешім 28 мамырда акционерлердің жалпы жиналысы барысында қабылданады.