Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазТрансОйл дивидендтері 2016 жылы 145 теңгеден жоғары болуы мүмкін

ҚазТрансОйл дивидендтері 2016 жылы 145 теңгеден жоғары болуы мүмкін

Астана. 30 мамыр. 7kun.kz - ҚазТрансОйл акционерлерінің отырысында бір қарапайым акцияның бағасы 133 теңге болып бекітілді. Бұл жөнінде zakon.kz жазады.

«ҚТО қағаздарынан ұзақ мерзімде табыс табуды жоспарлап жүрген инвесторларға жақын арада акциялар сатып алған жөн. 2016 жылдың қорытындысы бойынша қарапайым акцияның бағасы өткен жылмен салыстырғанда өсіп, 145 теңге болады. Яғни қағаздардың табыстылығы 28 пайызды құрайды. Мұндай болжам жасауға ҚТО-ның дивидендтік тарихына сүйене отырып жасауға болады. Ол жыл сайын дивидендті орта есеппен 10 пайызға көбейтіп отырады», - дейді "Асыл-Инвест" атқарушы директоры Нұрлан Рақымбаев. Сарапшылардың айтуынша, ҚТО шоғырланған қызметтен гөрі бірлескен кәсіпорындардың есебінсіз көбірек табыс тапқан. «Біздің есеп бойынша, ҚТО таза табысы 2016 жылы 79-80 млрд теңгені құрауы мүмкін. Осы эмитенттің табысы тұрақты болады деп ойлаймыз. Компанияның шығындары оның қаржы ағындарынан әлдеқайда төмен. Эмитент қарапайым акциялар бойынша жыл сайын дивидендтерді көбейтіп отырады», - дейді Рақымбаев.  

Похожие материалы