Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ипотекалық портфель көлемін 18%-ға ұлғайтты, бұл жиынтықта 50,9 млрд теңгені құрады.
Ипотекалық компанияның баспасөз қызметі барлық қызмет кезеңінде 66 мың қарыз алынғанын хабарлады.
«Портфельдің көлемі ағымдағы жылдың мамыр-шілде айларында серіктес банктермен жасалған ірі мәмілелердің арқасында ұлғайды, бұл компанияның тұрақты дамуын және Қазақстан нарығындағы позициясын көрсетеді — 2018 жылдың соңында портфель 43 млрд теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Банктерден заемдарды үлкен көлемде сатып алу ипотекалық несиелендіруді кеңейтуге ықпал етеді, өйткені босатылған қаражатты банктер жаңа қарыз алушыларға ипотекалық несие беруге бағыттай алады.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





