Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz – Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Алматы прокуратурасы мен полиция департаментінің ерекше бақылауында, деп хабарлайды 7kun.kz.
Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов өзінің Telegram арнасында Qnet компаниясы мен оның қызметі жайында халықты құлақтандыру мақсатында ақпарат жариялады.
«Qnet-ке қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 217 бабы, яғни Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бойынша бірыңғай реестрге тіркелген. Qnet ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес кәсіпкерлік қызмет атқарып жатқан жоқ. Қаржылық операциялар мен инвестициялық қызмет жасауға компанияның рұқсат құжаттары жоқ», - деді Рустам Абдрахманов.
Құқық қорғау органдарына компанияға шағымданып 220-дан астам адам арызданған. Сондықтан халықты өз қаржысына абай болуға шақырды Абдрахманов.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024