Енді қолма-қол ақшаны банктер мен лицензиясы бар айырбастау пунктері ғана ауыстыра алады. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстан аумағында қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын тек екінші деңгейлі банктер мен өздеріне берілген лицензия негізінде банктік емес айырбастау пунктері ғана жүргізуге құқылы.
«Қолма-қол валюталарды жоғарыда көрсетілген валюта айырбастау пунктері арқылы айырбастау – қаржы қызметін пайдаланушылар құқығының қорғалуын қамтамасыз етеді. Жұмыс істеп тұрған банктік емес айырбастау пунктерінің мекен-жайы мен қосымша ақпараттарды ҚҰБ-тың сайтынан алуға болады», – делінген Ұлттық Банк хабарламасында.
Сондай-ақ, ҚҰБ тиісті лицензиясыз айырбастау операцияларын жүргізу заңсыз кәсіпкерлік түріне жататындығын, ол үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 155, 463-баптарымен және ҚР Қылмыстық Кодексінің 214-бабымен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Заңсыз делдалдар, оның ішінде интернет алаңдары мен әлеуметтік желілер арқылы айырбастау операцияларын жүргізуді ұсыну – заңсыз саналады және жалған монета жасаушылармен мәміле жасау қаупін тудырады.
ҚҰБ мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ішкі қолма-қол шетел валютасы нарығындағы жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп келеді.
Қазір елде валюта айырбастаудың, сол сияқты төлем карточкаларын пайдалану, онлайн-банкинг секілді балама түрлері де қарастырылған. Олар қолжетімді әрі 24/7 режимінде қауіпсіз қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, қаржылық тұрақтылыққа төнер қауіп-қатердің алдын алу және спекулятивті қысымды төмендету мақсатында 2022 жылдың 14 наурызында «Қазақстан Республикасында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республкасы Президентінің Жарлығы қабылданған болатын.
Ұлттық Банктегілердің айтуынша, қазіргі таңда қолма-қол шетел валютасымен қамтамасыз ету мәселесі тұрақталып, тұрғындар тарапынан сұранысқа қатысты дүрлігу байқалмайды.
Ел ішінде ішкі валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпалдасу мақсатында ҚҰБ екініші деңгейлі банктерді қажеттілігіне қарай қолма-қол шетел валютасымен қамсыздандырып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024