Алматы. 29 қазан. 7kun.kz – Астанада министр Бейбіт Атамқұловтың басшылығымен ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚР ӘМ) және Ғылыми-техникалық кеңесінің (ҒТК) кезекті кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыс барысында «Қорғаныс-өнеркәсіптік кешен», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Қазақстанда ұшқышсыз ұшу аппараттарының өндірісін ұйымдастыру», «Электрондық өнеркәсіп» бағыттары бойынша 25 ғылыми-техникалық жоба қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша, ҒТК мүшелері қорғаныс-өнеркәсіптік кешен саласында 8 жобаны, ақпараттық қауіпсіздік саласында 5 жобаны, ұшқышсыз ұшу аппараттарының өндірісі бойынша 1 жобаны және электрондық өнеркәсіп саласында 3 жобаны мақұлдады.
Көрсетілген жобалардың барлығы 2019-2021 жылдарға арналған қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми-техникалық бағдарламасына қосуға ұсынылды.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024