Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының алты мүшесі туралы ақпарат үшін сыйақы жарияланды
Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – Қаржылық мониторинг агенттігі Елдос Қоспаевтың үйлестіруімен рейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесіне іздеу жариялады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Агенттік хабарлауынша, Елдос пен Айдос Қоспаевтар, Ерлан Имашев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Алексей Кузнецов тергеуден жасырынып жүр.
Еске салайық, қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы күш қолдану және қорқыту арқылы алматылық кәсіпкерлердің мүлкін, серіктестіктердегі үлестерін тартып алып, көлеңкелі кәсіпкерлікпен айналысқан.
Рейдерлік шабуылдар бойынша сотқа дейінгі тергеу және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар адамдарды анықтау жалғасуда.
«Іздеудегі адамдардың қайда болуы мүмкін екендігі туралы ақпараты бар адамдарды ҚМА сенім телефонына хабарласуды сұраймыз. 8 (7172) 708-478, 8 (727) 279-29-56. Ақпарат бергені үшін сыйақы қарастырылған», – делінген хабарламада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024