Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қостанай облысында 96 млн теңге бюджет ақшасын жымқырған

Қостанай облысында 96 млн теңге бюджет ақшасын жымқырған

Қостанай облысы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Қостанай облысында 96 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған азаматқа қатысты қылмыстық іс аяқталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ер адам ауыл шаруашылығы саласы субъектілерінің сеніміне кіріп, оларды алдап бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырғаны анықталды. Ақша ауыл шаруашылығы тауарларының сапасы мен өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында, оның ішінде картоп тұқымын сатып алу үшін субсидия түрінде бөлінген.

«Осы азаматтың қылмыстық әрекетінің салдарынан мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 96 млн теңгені құрады», - делінген хабарламада.

ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Похожие материалы