Қостанай. 7 маусым. 7kun.kz – Қостанай облысында мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары адам саудасымен айналысты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет адам саудасы фактісі бойынша «Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
«Олар облыстың әлеуметтік мекемелерінің бірінде мемлекеттің қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз М. есімді азаматшаны Нұр–Сұлтандағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде пайдалану үшін табыстады деген күдікте», – деп хабарлады Антикорада.
Күдіктілердің бірі үйқамаққа алынды, қалғандары тергеуде.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024