Қостанай. 11 желтоқсан. 7kun.kz – Қостанайдағы Қонай ықшамауданындағы әлі қолданысқа берілмеген пәтерлерді мұз басты, деп хабарлайды 7kun.kz «Наша Газета» басылымына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде жаңадан салынып, алайда пайдалануға берілмеген пәтердің суреттері тарауда. Онда пәтерлердің ішін мұз басқанын көруге болады. Оқырмандардың жазуынша, бұл үйлер 2021 жылы пайдалануға берілу керек болған, алайда тұрғындар пәтерлерінің кілттерін әлі алмаған.
«Қонай шағын ауданындағы 21 орам № 2, 3 үйлерінің құрылысын «Марал Құрылыс» ЖШС мердігер ұйымы салуда. Қазанда бұл ұйыммен шарт бұзылды, себебі олар өз міндеттерін орындамады, мемлекеттік сатып алуда жауапсыз қатысушы деп танылды. Жасалған шартқа сәйкес, құрылысты аяқтау үшін жаңа мердігер ұйымды анықтау кезеңінде үйді «Нұр Сақшы» күзет фирмасы қарауылдауда», - деді әкімдіктен.
Әкімдік өкілдерінң айтуынша, үйді тексеру кезінде жылу тек жертөледе қосылғаны анықталды. Жылыту жүйесіндегі Маевск кранынан су аққан. Қалалық құрылыс бөлімі 13 желтоқсанда осы жұмыстарды аяқтайды, деді әкімдікте.
Сондай-ақ жергілікті билік осы жайт туралы уақтылы хабарламаған күзет ұйымына тиісті хат жолданғанын атап өтті. Қазір аталған үйлердің құрылысы бойынша жұмыстарды аяқтауға мемлекеттік сатып алу жарияланды, мердігер ұйым анықталғаннан кейін тұрғындарды қоныстандырғанға дейінгі барлық ақаулар жойылады, деді жергілікті әкімдікте.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024