Қостанай облысында нан бағасы бір күнде күрт қымбаттап кеткен. Нәтижесінде бөлке нан 70 теңге тұратын болды деп хабарлайды Kstnews.kz.
600 грамм құрайтын бірінші сортты ұннан жасалған нанбағасы орта есеппен 10 теңгеге қымбаттаған. Сатушылардың түсіндіруінше, нан бағасын наубайханалар қымбаттатып жіберген. Алайда нан бағасы ертеңіне қайта қалыпқа келді. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет нан бағасын еркін айналымға жіберген болатын. Бұған дейін бірінші сортты ұннан жасалатын 600 грамдық нан шығаратын кәсіпорындар субсидияланатын. Ауыл шаруашылығының экс-министрі Асылжан Мамытбековтің айтуынша, бұл әлеуметтік жағынан әділетсіз: нан бағасы жағдайы бар азаматтар үшін де, көмекке мұқтаж азаматтарға да арзан бағада сатылып келген. Бұл мемлекетке 6-8 млрд теңге шығын әкелген. Сондықтан наубайханаларға берілетін қаржыны жеке әлеуметтік көмекке бағыттау шешімі қабылданып, нан бағасы еркін айналымға жіберілді. Нәтижесінде 1 қаңтардан бастап наубайханалар аталған нан түрін орта есеппен бес теңгеге қымбаттатқан.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024