Алматы. 2 шілде. 7kun.kz — Қазақстанда 2019 жылдың соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың бірыңғай базасы құрылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді.
"Әлеуметтік тұрғын үй беру тетіктерін жетілдіру, процестің ашықтығы және азаматтардың кезектің жылжуын көруі үшін, кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық базасы құрылады", - деді министр.
Оның айтуынша, бұл кезекте тұрған адамдардың тізімін жаңартуға және ықтимал бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.
"Кейбір адамдар алдымен бір қалада, ал кейіннен екіншісінде кезекке тұрған жағдайлар бар. Бұдан да басқа әртүрлі жағдайлар болады: адам тұрғылықты жерін өзгертеді, әлеуметтік мәртебесі өзгереді — ол кезекте бола алмайды, бірақ кезекте қалады", - деп түсіндірді Роман Скляр.
Сондай-ақ, министрдің хабарлауынша, жаңа "таза" тізім жыл соңына дейін жасалады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024