Алматы. 18 наурыз. 7kun.kz – ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 17-18 наурызда Бакуде өткен ОПЕК+ бірлескен министрлік мониторинг комитетінің отырысына қатысты.
Мониторинг комитетінің қатысушылары 2018 жылғы желтоқсанда қабылданған өндіру көлемін қысқарту туралы шешімнің оң әсерін атап өтті. 2018 жылғы желтоқсаннан бастап мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалық қорларының әлемдік көлемінің айтарлықтай төмендеуі байқалады.
Отырыста нарықты одан әрі тұрақтандыру үшін ОПЕК+ келісіміне қатысушы барлық елдер қабылдаған міндеттемелерді сақтауды жалғастыру қажеттігі туралы айтылды.
Қазақстан тарапы 2019 жылдың алты айының қорытындысы бойынша өндірісті қысқарту жоспарын орындау ниетін білдірді.
Сондай-ақ, мониторинг комитетінің кездесуі аясында Қ.Бозымбаев Сауд Арабиясының Энергетика, өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Халид әл-Фалихпен, Әзірбайжан Энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен екіжақты кездесулер өткізді. Онда тараптар екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар аспектілерін талқылады.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында ОПЕК+ елдері 2019 жылдың алты айында өндіруді 1,2 млн барр/тәулігіне қысқарту туралы кезекті шешім қабылдады. Қазақстан өндіруді тәулігіне 40 мың баррельден 1,86 млн баррель/тәулігіне дейін (тәулік сайын өндіру) қысқарту жөнінде міндеттеме алып, осы шешімге қосылды.
ОПЕК + келісімі мұнай нарығын тұрақтандыруға елеулі әсер етті. Мәміле мұнай бағасын 60-70 доллар көлемінде бекітуге көмектесті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024