Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық Банкі Мәскеуде өз өкілдігін ашу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Интерфакс жазды.
"Бұл ең алдымен екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамуы мен нығаюын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкінің Ресейдегі қатысуының стратегиялық маңыздылығына байланысты", - делінген агенттікке берілген жауапта.
Қазіргі уақытта тиісті нормативтік құжаттарды келісу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
"ЕАЭО аясындағы интеграциялық үдерістердің тереңдеуін, сондай - ақ РФ Орталық банкімен және Мемлекетаралық банк, Еуразиялық экономикалық комиссия, ТМД атқарушы комитеті сияқты қаржылық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықтың қажеттілігін ескере отырып, Мәскеуде Ұлттық банктің өкілдігінің ашылуы уақытылы», - делінген ақпаратта.
Өкілдіктің ашылуы Қазақстанның Ресейдегі беделін нығайтуға да септігін тигізетіні атап өтілді.
Ұлттық Банк - Қазақстанның орталық банкі және республиканың банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық банк өз құзыреті шегінде орталық банктермен және басқа елдердің банктерімен, халықаралық банктерде және өзге де қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстанның мүддесін білдіреді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024