Алматы. 30 қараша. 7kun.kz — Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерұлан Жамаубаев ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
ҚР Президентінің көмекшісі қызметін осы уақытқа дейін Тимур Жақсылықов атқарды. Елбасы жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Бұған дейін, Ерұлан Жамаубаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болды.
Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы туған. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді.
2006-2014 жж. ҚР Ұлттық Банкінің Үйлестіру департаментінің директоры қызметін атқарды.
2014 жылдан 2015 жылға дейін «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқарушы директоры болды.
2015 жылдан 2018 жылға дейін — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024