ҚР қаржы вице-министрі Лена Кармазина зейнеткерлік жасына толуына байланысты қызметінен босатылды. «ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 19-шы қаңтардағы №18 қаулысына сәйкес, Кармазина Лена Мағауияқызы зейнет жасына толуына байланысты, ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылды», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Л.Кармазина 1952 жылы 21 қаңтарда бұрынғы Семей облысы Арқат ауылында дүниеге келген.
Қаржы министрлігіде 1996 жылы бюджеттік саясат және макроэкономикалық анализ бөлімінің бас қаржыгері қызметінен бастап бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметіне дейін әртүрлі қызмет атқарды. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіндегі экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры лауазамына тағайындалады.
2007 жылдың соңынан 2010 жылдың басына дейін ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің вице-министрі болды. 2010 жылдың наурызынан бері ҚР Қаржы вице-министрі лауазымын атқарған.
«Құрмет», «Парасат» ордендерінің иесі, ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» атты мерейтойлық төсбелгісімен марапатталған.
Фото: kursiv.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024