ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров ҚР Қорғаныс министрлігінің әдеп бойынша уәкілі болып тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, Талғат Мұхтаров «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің этика нормалары мен мінез-құлық ережелерін әрі қарай жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің Жарлығын орындау барысында мемлекеттік қызметкерлердің кодекс нормаларын сақтауын қадағалайтын болады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексі қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметке деген жоғары мәдени қарым-қатынасты қалыптастыруға және мемлекеттік қызметкердің әдепсіз қылықтарын ескертуге бағытталған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024