Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР заңнамасындағы өзгерістер жылжымайтын мүлік нарығында уақытша тұрақсыздық туғызуы мүмкін

ҚР заңнамасындағы өзгерістер жылжымайтын мүлік нарығында уақытша тұрақсыздық туғызуы мүмкін
ҚР заңнамасындағы өзгерістер жылжымайтын мүлік нарығында уақытша тұрақсыздық туғызуы мүмкін. Homsters.kz халықаралық компаниясының сарапшылары Қазақстан нарығы үшін жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу аясындағы қолма-қол ақшалай есеп айырысуға салынған тыйымның қандай нәтижеге әкелуі мүмкін екендігі туралы пікірлерін білдірді. Homsters.kz компаниясының сату бойынша директоры Екатерина Ладыженская атап өткендей, жаңадан енгізілетін өзгерістер қазақстандық нарықты бұрынғыдан да өркениетті және айқын ете түседі. «Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың көптеген артықшылығы бар: қолма-қол ақша түрінде аударуға қарағанда қаражат шотқа тезірек түседі, алаяқтық пен жалған ақша қатері жоқ деуге болады. Қолма-қол ақшаны санаған кезде адам жаңылысып кетуі мүмкін, ал шоттан шотқа аударғанда мұндай тәуекелдер жойылады», - дейді ол. Сонымен қатар Homsters.kz мамандары үкімет аталған шешімді қабылдағанға дейін нарықта мәмілелер саны артып кетуі мүмкін деп болжап отыр: қазақстандықтар салық шығынына ұшырамас үшін тезірек қолма-қол ақшаға жылжымайтын мүлік сатып алуға немесе сатуға тырысатын болады. Осыдан кейін белсенділіктің төмендеу кезеңі орнайды (мәмілелердің 10-15%-ға қысқаруы). Homsters.kz аралық кезеңде жылжымайтын мүлік бағасы төмендетіліп көрсетілген немесе сату-сатып алу сыйға тарту келісім-шарты түрінде рәсімделген мәмілелер санының артуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Екі жағдайда да сатушы мен сатып алушы тәуекелге барады. Мәселен, пәтерді сыйға тарту туралы құжат ақшаны бергенге дейін рәсімделген болса, мүлік иесі қаржыдан да, үйден де айрылып қалуы мүмкін. «Бағаны төмендетіп көрсету мәміле қатысушыларын да, қасақана салықтан жалтарғаны немесе оны азайтып көрсеткені үшін жылжымайтын мүлік бағалаушысын да қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болуы мүмкін. Егер келісім-шартта көрсетілген бағаның нарықтық бағадан айтарлықтай төмен екендігі анықталса, нотариуста да мәселе туындауы ықтимал, себебі пәтер құны аяқ астынан бірнеше есе арзандап кетуі мүмкін емес. Сондықтан қалай болғанда да барлық есеп айырысуды банк арқылы жүргізген дұрыс: бұл біршама қымбат болуы мүмкін, алайда пәтер мен ақша мәселесі таразының екінші басына қойылған жағдайда қатер ықтималдылығы төмендейді. Барлық алаяқтық әдіс-айлалардың ақша үнемдеп қалуға тырысатын адамдарға қарсы бағытталатынын түсіну қажет», - деп атап өтті Екатерина Ладыженская.

Похожие материалы