Алматы. 31 шілде. 7kun.kz — "Қазақстан Темір Жолы" АҚ (ҚТЖ) пойыз бастықтарының және жолсеріктердің жауапкершілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлады "Қазақстан Темір Жолы" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов.
"2016 жылдан бастап біз жолсеріктерге тек жоғары немесе орта арнайы білімі бар адамдарды, пойыз бастықтарына – жоғары білімі бар адамдарды қабылдай аламыз. Сондықтан қазір оларға бақылауды күшейтеміз, жағдайды қадағалаймыз және тағы да қосымша аттестаттауды өткіземіз", - деді ол.
Оның айтуынша, вокзал қызметкерлерімен, жол жүру бригадаларымен талаптарды күшейту және жолаушыларды тасымалдау ережелерін орындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Біз пойыз бастықтарының жауапкершілігін арттыру дұрыс деп санаймыз, себебі бригада соларға ғана бағынады. Үш-алты тәулік бойы жолда жүреді. Сондықтан біз бастықтардың жауапкершілігін көтереміз", - деді Әлмағамбетов.
Сонымен қатар, билеттерді қайта сату фактілерінің жолын кесу мақсатында қазіргі уақытта желілік ішкі істер органдарының, көлік прокуратурасының қызметкерлерін тарта отырып, мобильді топтар ұйымдастырылды.
"Бүгінгі таңда Шымкентте ғана емес, Алматыда да 20-дан астам адам ұсталды және жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ҚТЖ басшысының орынбасары.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024