Құжаты болса ұшақ апаты кезінде үйі бүлінген азаматқа өтемақы төленеді – Бэк Эйр
Алматы. 30 желтоқсан. 7kun.kz - Егер құжаты болса ұшақ соғылған үй иесіне өтемақы төленеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан баспасөз мәслихаты кезінде «Бэк Эйр» әуе компаниясының иесі Нұрлан Жұмасұлтанов айтты.
«Біз өтемақы төлеуге дайынбыз. Алайда құжаттары болса ғана», - деді ол.
БАҚ өкілдері үй иесінің құжатты рәсімдеп үлгермегенін айтып, «бәрібір бас тартасыздар ма?» дегеніне, Жұмасұлтанов «рұқсат берілуі, құжаты болуы керек», деп қана жауап берді.
Айта кетейік, 27 желтоқсандағы апаттан кейін «Бэк Эйр» компаниясының басшылары БАҚ алдына бірінші рет шығып, баспасөз мәслихатын беруде.
Бұған дейін компания басшыларының үнсіздігін қоғам белсенділері мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері де сынға алған болатын.
Атап айтқанда Арудан Саин «Жұмасұлтанов, Сіз қайдасыз?» деп жазса, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр «олардың бұқаралық ақпарат құралдарына шықпауы- мүлдем дұрыс емес» деген еді.
«Bek Air басшылығымен қазір азаматтық авиация комитеті жұмыс істеп жатыр. Ал олардың бұқаралық ақпарат құралдарына шықпауы- мүлдем дұрыс емес. Олар өз жолаушыларына, қайтыс болғандар отбасына қандай қолдау көрсететініндерін түсіндірулері керек. Егер титтей де ұяттары болса, өтемақыны да төлейді. Зардап шеккендермен сөйлеспесе, ол да солардың ар-ұятына қалдырайық. Тергеу кезінде барлық факт ескеріледі. Ешкім жазасыз қалмайды», - деді Р.Скляр.
Айта кетейік, ұшақ соғылған үйдің иесі - Ришат Қалибек бұған дейін БАҚ-на берген сұхбатында үйіме өтемақы төленбей ме деп қауіптенетінін айтқан. Өйткені жерге құжаты болғанымен, үйді рәсімдеп үлгермеген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024