Бішкек. 24 мамыр. 7kun.kz - Қырғыз Республикасы қазақстандықтардың тіркеусіз жүру мерзімін 5 күнге дейін қысқартуы мүмкін. Бұл туралы Миграция жөніндегі мемлекеттік қызмет басшысының орынбасары Алмазбек Асанбаев «Қырғызстан: ЕАЭС-дағы алғашқы жыл, нәтижелері мен көрсеткіші» атты конференциясында айтты. Бұл туралы Sputnik Кыргызстан сайты хабарлайды.
Оның айтуынша, ЕАЭС ережесіне сәйкес, Қазақстан азаматтары Қырғызстан территориясында тіркеусіз 30 күнге дейін жүре алады, алайда қырғызстандықтар ҚР аумағында тек бес күн жүруге құқылы. «Біз тепе-теңдік қалыптастырып, қазақстандықтардың да тіркелмей жүре алатын мерзімін бес күнге дейін қысқартқымыз келеді. ЕАЭС нормаларына сәйкес, ҚР біздің азаматтарды 30 күн тіркеусіз жүруге құқық беруі тиіс, бірақ белгісіз себептермен ол жақ бұл сауалды әлі қарастырып жатыр. Егер қол қоймаса, біз де бес күнге дейін қысқартамыз», - дейді миграция жөніндегі мемлекеттік қызмет басшысының орынбасары. Өз кезегінде қазақстандық сарапшы Расул Бахманов Қызғызстан үшін тиімсіз екенін айтады. «Туризм не болады? Қостанайлық отбасы Ыстықкөлге келіп, тіркелуі үшін ІІАБ іздеп жүре ме?», - дейді Расул Бахманов.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024