Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қырғыз сомы арзандап жатыр

Қырғыз сомы арзандап жатыр

Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Қырғызстанда валюта бағамы қымбаттап, бір доллар 70 сомға жетіп қалды, деп хабарайды Азаттық.

10 қыркүйекте Бішкектегі ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 69 сом 54 рубльден сатып алынып, 69 сом 84 тиыннан сатыла бастады. Қырғызстан Ұлттық банкі 10 қыркүйектегі доллардың ресми бағамын 69 сом 35 тиын деп белгіледі.

Тамыздың ортасында Ресей мен Қазақстанда доллар бағамы қымбаттаған тұста Қырғызстанда да доллар құны көтерілген еді. 15 тамызда ақша айырбастау орындарында доллар 69 сом 4 тиыннан сатып алынып, 69 сом 6 тиыннан сатылған. Сол күні Қырғызстан ұлттық банкі интервенция жасап, елдің валюта нарығында 19 миллионнан астам доллар сатқан.

Осыдан кейін доллар бағамы аздап төмендеген еді, алайда, 2 қыркүйекте валюта бағамы қайта көтеріле бастаған.

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар салған соң өткен аптада рубльдің, Ресей акциялары мен облигацияларының құны күрт төмендеген. Бұдан соң Қазақстан ұлттық валютасы - теңге де құнсыздана бастады.

Ресей мен Қазақстан Қырғызстанның ең басты сауда серіктестерінің бірі саналады. Екі елдің валюта нарықтарындағы өзгеріс Қырғызстан нарығына да әсер етеді.

Похожие материалы