Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды

Қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды

Әлем. 3 маусым. 7kun.kz – 3 маусымда Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының ортақ учаскесінде әскерилер арасында атыс болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Sputnik-Қырғызстан басылымының мәліметінше, екі жақта да жаралылар бар.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі оқиға орнында екі елдің шекара өкілдері жүргенін айтты. Олар келіссөздер жүргізуде.

Айта кетейік, республикалар арасындағы бөлінбеген аумақтар кейде қақтығыс аймағына айналады.

Sputnik-Тәжікстан басылымы шекара қалай өтетінін анықтау мүмкін емес.

24.kg хабарлағандай, атыс Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында болған. Қырғызстан тарапының хабарлауынша, тәжікстандық әскерилер Қырғызстан аумағынан шығу талаптарын елемей, заңсыз кірген. Осыдан кейін атыс басталған.

Похожие материалы