Алматы. 17 қыркүйек. 7kun.kz – Атыс кезінде Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінің алты әскери қызметкері жараланды.
«Тәжікстан тарапы гранатометтерден атуы кезінде 41 жастағы прапорщик Равшанбек Муминов қаза тапты. Алты әскери қызметкер түрлі дәрежеде жарақат алды. Барлық жараланғандарға медициналық көмек көрсетілді. Олар Исфана қаласының аудандық ауруханасына жатқызылды. Екі әскери қызметшінің жағдайы ауыр деп бағаланады», - деді Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі.
Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс салдарынан сегіз адам зардап шекті.
«Тәжік тарапы бірінші болып қырғыз шекара бекетіне, содан кейін Баткен облысының Лейлек ауданындағы Сай уақытша шекара бекетіне оқ жаудырды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Қырғызстанның Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бір әскери қызметкері қаза тапты», - деп хабарлады шекара қызметі.
Бұған жауап ретінде қырғыз шекарашылары Тәжікстан аумағына да оқ жаудырды. Қырғызстан СІМ-нің хабарлауынша, Тәжікстан азаматтары шекара белгіленбеген аумақта құрылыс жұмыстарын жүргізуді бастаған. Оған жауап ретінде Қырғыз азаматы да сол жерде орналасқан өз үйінің аумағында қоршау тұрғыза бастаған. Атыстың тууына осы оқиға себеп болған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024