Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қырғызстанда 20 жасқа толмаған қыздарға елден шығуға шектеу енгізілуі мүмкін

Қырғызстанда 20 жасқа толмаған қыздарға елден шығуға шектеу енгізілуі мүмкін

Қырғызстан. 10 маусым. 7kun.kz – Қырғызстанда 20 жасқа толмаған қыздарға күйеуінсіз немесе ата-анасыз елден шығуға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды 7kun.kz vesti.kg-ке сілтеме жасап.

Қырғызстан парламент депутаты Шайлобек Атазов 18-20 жастағы қыздарға шетелге тек ата-анасымен бірге немесе үйленгеннен кейін бару мәселесін көтерді.

«Көші-қон проблемалары өте өзекті. 18-20 жастағы қыздардың ата-аналарымен ғана шетелге шығуын қарастырса болады. Тағы бір ұсыныс: қыздар тұрмысқа шыққан соң ғана шетелге шығуын қарастыру. Көші-қонға жауапты басқармалар комитетке ақпарат берсін», – деді ол

Осыдан кейін ел тұрғындары Шайлобек Атазовтың мандатын қайтарып алу мәселесін көтеріп, наразылық білдіруде.

Айта кетейік, Қырғызстан парламентінде мұндай ұсыныс бірінші рет айтылып отырған жоқ. 2013 жылы депутат Ырғал Қадыралиева 23 жасқа толмаған қыздардың шетелге шығуына шектеу қою идеясын көтерген болатын. Оның айтуынша, оларға ата-анасының рұқсатынсыз жұмыс іздеп елден шығуға тыйым салынуы тиіс.

Похожие материалы