Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz – Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа колониядан босатылып, емделуге кетуге рұқсат берілді. Бұл туралы оның «Социал-демократтар» саяси партиясының серіктестері айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
24.kg басылымының жазуынша, криминалдық авторитет Азиз Батукаевты заңсыз босату фактісі бойынша Атамбаевқа қатысты қылмыстық іс Ішкі істер министрлігіне қосымша тергеуге жіберілген.
Мұндай шешімді Бішкектің Первомайский аудандық соты қабылдағаны нақтыланды. Осылайша тергеуші бұрынғы мемлекет басшысына қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы сотқа өтініш бере алады.
Алдын ала мәлімет бойынша, сот Атамбаевқа елден кетуге рұқсат берді. Мұндай шешім оның сырқатына байланысты қабылданған.
Еске салайық, 2020 жылы Атамбаев мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік наградаларынан айырумен 11 жыл екі айға бас бостандығынан айырылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024