Қырғызстан. 20 маусым. 7kun.kz – «Кыргыз темир жолу» ұлттық компаниясы қайта жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген вагондарын таныстырылды. Ол республика ішіндегі тасымалға арналған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Кәсіпорынның мәліметінше, қауіпсіздік мақсатында вагон кузовының конструкциясын өзгертпей жөндеу жүргізілді. Кейін "Кыргыз темир жолу" ҰК" МК сынау орталығында өрт және электр қауіпсіздігі ережелерінің талаптары бойынша сәйкестіктің барлық рұқсат беретін актілерін ала отырып, вагонның беріктігі мен қауіпсіздігі тексерілген.
Пойыз вагондарының ішкі интерьері жаңартылды. Терезелері үлкейтіліп, панорамалық әйнектер мен жаңа креслолар орнатылды. Жүріс бөліктері мен автотежегіштердің элементтері пайда болды, қозғалыс қауіпсіздігі артты. Вагон ішіне қыс-жаз ауа баптау жүйелері, сусындарды салқындатуға арналған тоңазытқыш, ауыз суға арналған кулер және теледидар енгізілді.
Айта кетейік, компания вагонды өз қаражатына жаңартты. Бұған дейін 30 жыл ішінде Қырғыз темір жолы жаңа жолаушылар вагондарын сатып алмаған.
Желіде пайда болған пойыз вагондарының суреттері қолданушыларды таңғалдыруда.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024