Қыркүйекте жаңа көліктердің сатылымы өсті: Қазақстандықтар қандай көлік маркасын таңдайды
Алматы. 12 қазан. 7kun.kz – 2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда 11 057 жаңа жеңіл автокөлік пен 929 коммерциялық көлік сатылды. Бұл туралы Қазақстан автокәсіпорындар қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Қыркүйекте елдегі автокөлік саудасы биылғы рекордтық шілде айының қорытындысынан асып түсті. Биылғы тоғыз айда қазақстандықтар жеңіл және коммерциялық көліктердің 86 959 бірлігін сатып алды.
Chevrolet бесінші ай қатарынан үздік 10 брендтің көшін бастауда (4000 автокөлік), екінші орында Hyundai (2574), үшінші орында Kia (1336).
Қыркүйекте сатылған көлік маркалары арасында Chevrolet Cobalt (2476 автокөлік) және Chevrolet Nexia (1115) көш бастап тұр, Hyundai Tucson (1072 автомобиль) үздік үштікте, одан кейін Toyota Land Cruiser Prado, Hyundai Santa Fe, Hyundai Sonata, Chery Tiggo 7 Pro, Kia Ceed. , Hyundai Elantra және Kia Sportage.
Ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда сатылған көліктер саны бойынша Chevrolet көшбасшы (24 485 автокөлік), екінші орында Hyundai (20 363 автокөлік), үшінші орында Kia (9727) тұр. Toyota дилерлері 7229 көлік сатты. Ең көп сатылатын автокқлік бестігін Lada (6705 автокөлік) жауып тұр.