Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын

Қытай АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын
Алматы. 5 қараша. 7kun.kz - Қытай АҚШ-тың сауда дауын келіссөздер арқылы шешуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы қытай сауда министрінің орынбасары Ванг Бингнан мәлімдеді. Оның айтуынша, келіссөздер тең жағдайда және "құрметпен" өтуі тиіс. Сонымен қатар министр орынбасары Қытай Пекин мен Вашингтон арасындағы қатынастардың дамуы мен тұрақтылығына қолдау көрсететіндігін атап өтті. 2 қараша күні АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен ҚХР Сауда саласындағы келісімге қол жеткізуі мүмкін деп мәлімдеді."Қытайдың мәміле жасағысы келіп отыр. Біз Қытаймен дұрыстап сөйлестік және бірдеңе жасауға жақындап келеміз», - деді АҚШ президенті. Ол 1 қараша күні ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен болған кездесуден кейін осындай қорытынды жасағанын түсіндірді. "Менің ойымша, біз Қытаймен келісім жасай аламыз және бұл барлығыүшін әділ мәміле болады, бірақ ол АҚШ үшін жақсы келісім болмақ», - деп мәлімдеді америкалық президент. Ол оны 30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Буэнос Айрес қаласында өтетін G20 саммитінде түскі ас кезінде Қытай басшысымен талқылайтынын айтты.

Похожие материалы