Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай Қазақстандық тауар импортына қызығады

Қытай Қазақстандық тауар импортына қызығады

Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – Вице-министр Г. С. Исаеваның басшылығымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі делегациясының ҚХР-на сапары барысында Пекин қаласында ҚХР Коммерция министрлігімен келіссөздер жүргізілді. Бұл  туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі  хабарлады.

ҚХР Коммерция министрлігі Қытайдың Қазақстаннан ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнімдерін импорттауға деген жоғары қызығушылығын және өнімдердің экологиялық тазалығын атап өтті.

Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін сату және Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комитетінің жанындағы Ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде келесі бағыттар бойынша ынтымақтасуға уағдаласты:

  • ҚХР Коммерция министрлігінің қолдауымен Қазақстаннан Қытайға импорттық тапсырыстарды ұйымдастыру (мысалы, өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде Шаньси провинциясына қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу);
  • Өңіраралық ынтымақтастықты күшейту, ағымдағы жылдың көктемінде ҚР-да өңіраралық ынтымақтастықтың екінші форумын өткізу;
  • Электронды сауда алаңдары арқылы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай нарығына жеткізу, жұмыс тобының кезекті отырысы аясында АӨК өнімдерінің электрондық саудасы бойынша практикалық семинар өткізу;
  • "Қорғас" ШЫХО-да ветеринарлық және фитосанитарлық зертхана мен электрондық сауда алаңын құру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру;
  • Шығыс Қазақстан облысында бірлескен ветеринариялық зертхана құру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру.

Похожие материалы