Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz – Қытай билігі барлық тілдердегі Wikipedia онлайн энциклопедиясына кіруге шектеу қойды. Бұл туралы ресурсқа қолдау көрсететін «Викимедия» қорына сілтеме жасай отырып, «Би-Би-Си» хабарлады.
«Интернет-трафикті мұқият талдағаннан кейін елде «Уикипедия» барлық тілдерде бұғатталғанын растай аламыз», — делінген қордың мәлімдемесінде. Сондай-ақ, қордың өкілдері Қытай билігінен сайтқа кіруге тыйым салу туралы ешқандай хабарлама алғамағанын атап өтті.
Бұған дейін елдегі Wikipedia қытай тілінде ғана қолжетімсіз болды, алайда желідегі бұғаттауларды қадағалайтын OONI жобасының деректері бойынша сәуір айының соңынан бастап шектеу басқа тілдердегі энциклопедияның нұсқаларына да таралды.
Сондй-ақ, Қытайда онлайн энциклопедиядан басқа Google, Facebook және LinkedIn бұғатталған.
Айта кетейік, 2017 жылы Түркия мемлекеті де «Уикипедияға» тыйым салды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024