Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай болат өндірісін 100-150 млн тоннаға қысқартпақ

Қытай болат өндірісін 100-150 млн тоннаға қысқартпақ

Қытайдың мемлекеттік кеңесі өндірістік орындарды қысқарту туралы болған экономикалық реформаға байланысты болат пен көмір өндірісін қысқартпақ. Бұл туралы премьер Ли Кэцянның төрағалығымен өткен отырыста мәлім болды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қытай болат өндірісін 100-150 млн тоннаға дейін қысқартады", - деп жазады Синьхуа агенттігі. Аталған шешімді орындау мерзімі хабарланбаған, алайда соңғы жылдары Қытайда болат өндірісі 90 млн тоннаға қысқарған. Статистикаға сәйкес, елдегі болат өндірісі 2015 жылы соңғы 34 жылда болмаған кері динамика көрсеткен. Өнім 2,3%-ға азайып, 804 миллион тоннаға қысқарған. Агенттік хабарламасы бойынша, мемлекетте көмір өндірісі де біраз қысқармақ. Нақты қаншаға қысқартылатыны айтылмағанмен, үлкен көлемде болуы мүмкін. Сондай-ақ, Қытай алдағы уақытта осы саладағы өндіріс қуаттылығын қатаң бақылауға алады. Қытай елі соңғы уақытта экономикасының бәсеңдеуіне байланысты артық өндіріс мәселелерімен күресіп жатыр. 2015 жылы мемлекеттің ЖІӨ  6,9%-ға бәсеңдеген. Бұл соңғы 25 жылдағы ең нашар көрсеткіш.

Фото:ria.ru

Похожие материалы