Экономика
Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға контейнерлік жүк тасымалдау екі есе өсті
Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға контейнерлік жүк тасымалдау 2015 жылы екі есе өсті, деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов ОКҚ брифингінде.
«Жобаларды жүзеге асыру, оның ішінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін аяқтау Қазақстан аумағы арқылы Шығыс-Батыс бағытын тиімді құруға, басқа да халықаралық жобалармен түйістіріп, әлеуетті жүк тасымалын жүзеге асыруға мүмкіндік береді және қазақстандық экспорттық тауарлар мен жүктерге тікелей транзиттік жол ашады», - деді Д.Потлов. Оның айтуынша, осыған байланысты «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Құрық портында қуаты 4 млн тонна паромдық кешенін салу жобасын іске асыру басталды. «Ақтау теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жобасы аясында Құрық портында қуаты 4 млн тонна паромдық кешенін салу жобасын іске асыру басталды. Оған қоса, Боржақты – Ерсай темір жол құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде, сол арқылы салынып жатқан паром терминалын теміржол магистралімен қосуға мүмкіндік туады», - деп түсіндірді ол.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024