Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген Президент жарлығында.
Ол осыған дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келген.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.
Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008-2013 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.
2013-2021 жылдары Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024