Алматы. 10 тамыз. 7kun.kz – Қызылорда облысы Шиелі ауданында биыл 1200 бас ірі қара фермасын іске қосып, өңірдегі табиғи сүт өндіру үлесін арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ал, келесі жылы сүт комбинатының құрылысы басталмақ. Ішкі нарықты толық қамтығаннан кейін өнімдер сыртқы нарыққа да шығарылмақ. Мал шаруашылығымен айналысатындар үшін де кепілдендірілген жем-шөп базасын құру жоспарлануда. Мал азығы өнімдері үшін берілетін жер аумағы ағымдағы жылы 1,3 мың гектарға көбейді.
Бұдан басқа, ауылшаруашылығы кооперациялары арқылы мал шаруашылығын дамытуға жеке қосалқы шаруашылықтар мақсатты түрде тартылған.
«Соңғы бір жарым жылда 2320 жеке қосалқы шаруашылықтан құрылған 105 кооперативтің 73-і мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. 801 отбасылық мал бордақылау алаңы мен 385 сүт өнімі қожалықтары құрылды. Бір ғана 2018 жылы 250 жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру жолымен 18 кооператив құрылды. Егер 2017 жылы кооперативтер 1 жылда 342 тонна ет пен 133 тонна сүт өндірсе, 2018 жылдың І тоқсанында ғана олар 206 тонна ет пен 252 тонна сүт өндірген» деп жазылған хабарламада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024