Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы тағайындалды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Астана. 2 қазан. 7kun.kz - Нұрлыбек Жеңісбек Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз қызметі басшысы, баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды министрлік баспасөз қызметі.

Нұрлыбек Жеңісбек 1988 жылы туған. Ұлттық педагогикалық университетті (филология бакалавры) аяқтаған, халықаралық қатынастар магистрі (Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясы).

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» телеарнасында тілші болып бастаған. Әр жылдары облыстық және республикалық телеарналарда редактор, тележүргізуші қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, 2013-2017 жылдары Шымкент қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі лауазымдарын атқарған. 2017 жылдың ақпанынан бастап ОҚО "Ақпараттық Талдау" орталығының директор орынбасары болып істеген.

Қазақстан журналистер одағының, «ҚазАльянс» қоғамдық бірлестігінің мүшесі. 2015 жылы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Президенттің сенімді өкілі болған. ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ОҚО өкілдігі сарапшылар кеңесінің мүшесі, «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру мақсатында құрылған Оңтүстік Қазақстан облыстық жобалық кеңсесінің әкімшісі.

Похожие материалы