Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Санкт-Петербургтегі террактіге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жүрген ақпаратқа түсініктеме берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Үкіметтің бүгінгі отырысында ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков: "Террористік акт туралы ақпарат түскен бойда біз бірден ортақ жұмысқа кірістік. Бүгін Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметімен бір азаматтың ол террактіге қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз. Ол - Орталық Азияның тумасы. Бірақ Қазақстан азаматы емес", - деді.
Сонымен қатар, ол осыған дейін тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
"Арышевтің комитеттің бақылауына түспегені және тіркеуге де алынбағаны белгілі болды. Ресейлік әріптестеріміз де оны террактіні ұйымдастырушысы ретінде қарастырып жатқан жоқ. Шамасы, ол - террактінің құрбаны. Себебі жарылыстың дәл ортасында болған", - деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.
Оның айтуынша, жақын арада террактінің ұйымдастырушысы, сондай-ақ оған қатысы бар азаматтар анықталуы тиіс. Сол кезде ресми ақпарат жарияланады.
Айта кетейік, бұған дейін "террористік актіге қазақстандық Максим Арышевтың қатысы бар болуы мүмкін" деген ақпарат тараған болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024