Бүгіннен бастап депозиттік сыйақының базалық мөлшері 12% құрайды. Бұған дейін шекті мөлшері 10,5 пайыз болған еді деп хабарлайды Ұлттық банктың баспасөз қызметі.
"Ұлттық банк ақша-несие саясатының құралдарын ақша нарығындағы өтімділікті қолдау үшін пайдаланады. Ақша нарығындағы өтемпаздық көп болған жағдайда Ұлттық банк бөлек алып, ал жетпей тұрса аукционды негізде беріп тұратын болады. Сонымен қатар Ұлттық банк банктерге депозиттерді орналастыру бойынша 12+5% және 12-5% механизмін қолдануға мүмкіндік береді",-деп жазылған хабарламада. Ұлттық банк қысқамерзімді мерзімде теңге құнсызданып, импортты баға өсімі ұлғаюына байланысты инфляция көлемі де көтеріледі деген пікірде. Ортамерзімді перспективада қазіргі базалық мөлшерлеме инфляцияның 6-8 пайыздық дәлізде қалуына мүмкіндік бермек. Бірақ инфляциялық болжам күшейген жағдайда, Ұлттық банк ақша-несие саясатын базалық пайыздық мөлшерлемені көтеру арқылы қатаңдатып отырмақ. Ұлттық банктың атап өтуінше, базалық мөлшерлеме көлемі қазіргі экономикалық жағдайға байланысты белгіленген. Хабарламада жазылғандай, Ұлттық банк 2 қыркүйек, 2 қазан, 6 қараша және 2 желтоқсан деген график бойынша ақша-несие саясатының құралдары мен мөлшерлемесіне қатысты шешім қабылдайтын болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024