Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов пен ҚР Ұлттық мұражайының директоры Дархан Мыңбай ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісім бойынша, ҚР Ұлттық банкі мұражайға ұлттық валюта тарихын қалыптастыру үшін тиындар мен банкноталарды табыстайды.
ҚР Ұлттық мұражайы 2014 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 2 шілде күні ашылған. Мұражай қорына "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының аясында табылған көптеген құнды заттар қойылған.
Мұражайдың жалпы ауданы 74 мың шаршы метр. Соның ішінде экспозициялық аумағы - 14 мың шаршы метр, қойма ғимараты шамамен 5 мың шаршы метрді алады. Мұражай қорында 170 мың экспонат сақтаулы. Көрме залдарында келушілерге 12 мың экспонат қойылған.