2015 жылдың алғашқы 6 айында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 7805,9 млн АҚШ долларын құрады деп хабарлайды BNews.kz.
ҚР ҰЭМ-ның статистика комитетінде хабарлағандай, бұл көрсеткіш 2014 жылдың қаңтары мен маусым айындағыдан 21,0% аз. Экспорт 2 351,1 млн долларды құрап, 26,8 пайызға қысқарса, импорт 5 454,8 млн долларды құрап, 18,2 пайызға төмендеді. Қазақстан Республикасының экспорт құрылымында минералды өнімдердің (ЕАЭО елдеріндегі экспорттың жалпы көлемінің 51,3%-ы), химиялық өнеркәсіп өнімдері (20,3%), металл және металл бұйымдары (16,7%), жан-жануарлар мен өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарларының (4,0%) үлесі басым. ЕАЭО елдерінен көп жағдайда көлік және құрылғылар (ЕАЭО елдеріндегі жалпы импорттың 30,8%-ы), минералды өнімдер (15,0%), металл және металл бұйымдары (14,5%), химиялық өндіріс тауарлары (14,0%), жан-жануарлар және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (12,9%) әкелінеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024